Павлодар облысында жоғалған екі аңшының бірі өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, екі ер адам он күн бұрын өзен жағалап, аң аулауға кеткен. Алайда олардың із-түссіз жоғалғаны туралы ақпарат жедел желіге жеті күннен кейін түскен.
Құтқарушылар өзеннің бойынан 15 метр жерде жатқан 52 жастағы марқұмның денесін байқаған. Ал оның жанында болған 49 жастағы ер адамнан ешқандай хабар жоқ.
"Оны іздеуге иісшіл иттер мен арнайы ұшу аппараттары жұмылдырылды", - деді Екібастұз ТЖБ өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!