Павлодар облысында жасөспірімдер төбелесіп, бір бала жарақат алды

Павлодар облысында жасөспірімдер төбелесіп, бір бала жарақат алды

Павлодар облысында жасөспірімдер төбелесіп, бір бала жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше,  21 қыркүйекте Кенжекөл ауылының ЖТҚ аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы жанжал салдарынан біреуі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. 

"Кейінгі кезде кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал фактілері жиілеп кетті. Көбінесе бұл жанжалды жағдайлар жаппай төбелеске, қақтығысқа апарады. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған балалар қылмыстың объектісі де, субъектісі де болуы мүмкін", - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы.

Басқарма осыған байланысты балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын қамтуды ұйымдастыруға ерекше назар аударуды сұрайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан