- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында жасөспірім...
Павлодар облысында жасөспірім мінген мотоцикл көлікпен соқтығысты
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды, ал 14 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25 мамырда Павлодар ауданы Мичурино ауылында 27 жастағы ауыл тұрғыны басқаратын Priora көлігі мотоциклмен соқтығысып қалды. Салдарынан 14 жастағы мотоцикл жүргізушісі зардап шекті.
Жасөспірім медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді.
Көлік жүргізушісіне қатысты жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Материал Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Полиция кәмелетке толмағанның ата-анасын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 2-бөлігі, 612-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартты. 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ ювеналды полиция инспекторы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан