Павлодар облысында биылдан бері сегіз жануарда құтырма ауруының қоздырғышы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың бесеуі - қаңғыбас ит, екеуі - түлкі, біреуі - қорадағы ірі қара мал. Өңірдегі эпидемиологтардың айтуынша, дерттің негізгі тасымалдаушылары - түлкі, борсық, кірпі секілді жабайы аңдар мен бұралқы иттер. Олар көп жағдайда қораларға кіріп, малдарға жұқтырып отыр.
Айта кетейік, 2021 жылмен салыстырғанда былтыр антирабиялық көмекке жүгінген адам саны 15,4 пайызға өскен. Былтыр аймақта 1390 адамды ит қапқан. Мысық тырнағынан зардап шеккендер саны - 536. Ал 96 адам маймыл, кеміргіш, кірпі секілді жабайы және жылқы, сиыр сияқты үй жануарларынан зардап шеккен.
Санитария дәрігерлері жануар тістеп немесе тырнап алса, тез арада сабынмен жуу қажет екенін айтады. Сонымен қатар, құтырмаға қарсы екпе алу үшін медициналық пунктке жүгінуге кеңес береді.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!