Павлодар облысында Екібастұз бен МАЭС-1 стансасын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін МАЭС-1 стансасына апаратын автожолдың бойында болған.
"Көпір үстінде Митсубиси маркалы автокөлік "Вольво" автобусын басып озып, қарсы жолақта "Ауди" жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан "Ауди»"көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - дедінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!