Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды

Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

Ақсу қаласындағы бір кәсіпорынның басшысы "Электро-газбен дәнекерлеуші" мамандығы бойынша оқудан өткені туралы куәлік бергені үшін коммерциялық сатып алу ретінде заңсыз ақша қаражатын алған.

"Бұл ретте оқыту іс жүзінде жүргізілмей, құжаттар формальды түрде рәсімделгені белгілі болды. Бұл мамандық құрылыстан бастап мұнай өндіруге дейін бірқатар саланың негізінде жатқандықтан, оқытусыз сертификат беру халық үшін зор қауіп тудырады", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл деректі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша ЭТД қызметкерлері анықтады.

"Ақсу қалалық сотының үкімімен ұйым басшысы кінәлі деп танылып, оған оқыту-білім беру қызметімен байланысты коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина