- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында газдан...
Павлодар облысында газдан уланған балалардың жағдайы белгілі болды
Фото:
Tengrinews.kz
Павлодар облысында газдан уланған балалардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 2016 және 2017 жылы туған балаларды қарап шыққаннан кейін оларды амбулаторлық емделуге жіберді. Екі ер адам да жеңіл уланумен үйге жіберілді.
Еске салайық, жексенбіде кешкі сағат 18:05-те Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан кафеде 27, 40 жастағы ер адамдар және 7 мен 16 жастағы балалар көміртегі тотығымен жаппай уланған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан