- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында ер...
Павлодар облысында ер адам түнгі уақытта мас жүргені үшін айыппұл арқалаған
Павлодар облысында түнгі уақытта көшеде мас жүрген ер адам жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 20 шілдеде түнгі сағат 01.40-та болған. Учаскелік инспектор көшеде өзін дұрыс ұстамаған адамды байқады, тексеру кезінде ауылдың 34 жастағы тұрғынынан алкогольдің өткір иісі шықты, бұл медициналық куәландыру қорытындысымен расталған.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, ауыл тұрғынымен осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.
Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалған, қоғамдық орындарда мас күйінде болған, не алкоголь ішкен азаматтардың 5372 фактінің жолын кесті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина