Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті

Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Фото: иллюстрациялық фото

Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті. Бағдарынан жаңылған тұрғын Қаратай ауылында тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita еріктілерінің мәліметінше, 1973 жылы туған Құланберген Кисибаев анасымен бірге тұрған. Шамамен түнгі сағат бірде белгісіз бағытта үйінен шығып кеткен.  

"Ол бұған дейін де үйінен кетіп жүргенде ауылдан 10 шақырым жерде, 700 шақырым қашықтықта басқа қаладан табылған. Басқаларға қауіп төндірмейді, алкоголь ішпейді. Қайда тұратынын ұмытып қалады, медициналық көмекке мұқтаж", - дейді еріктілер. 

Ер адам қара қысқы күртке, қара шалбар, жазғы кроссовка, қара қалпақ киген. Бойы – 1,70 см. Успен трассасының бойында көлік тоқтатуға тырысып, бір жерге апаруды сұрауы мүмкін. 

Еріктілер Құланберген Кисибаевты іздеуді жалғастырып жатыр. Іздеушілер ұйымында Успен трассасының бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарынан, сондай-ақ аталған жолмен жүретін автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардан көмек сұрайды. Егер де оны  көрген адамдар болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарласа алады.    

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан