Павлодар облысында экс-жұбайына дене жарақатын салған ер адам 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
29 маусымда полицияға бір әйел жүгініп, оған дене жарақатын салған бұрынғы жұбайына қатысты шара қолдануды сұраған.
"Дереу сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгенін растады. Ер адамға қатысты қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстық іс қозғалды. 7 тамызда іс Павлодар қаласының сотында қаралды. Сот қаулысымен ер адам Павлодар қаласының пробация қызметіне профилактикалық есепке қойылып, қоғамдық жұмыстардың 40 сағатына сотталды", - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Полицейлер қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық теріс қылық жасау үшін жәбірленушілердің мәлімдемесі міндетті емес екенін еске салады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз