- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында екі...
Павлодар облысында екі күннен бері дала өрті өшпей жатыр
Павлодар облысында жергілікті орман шаруашылығының өрт сөндірушілері мен еріктілер дала өртін екі күннен бері сөндіріп жатыр. Өрттің бірнеше ошағы анықталды, олардың нақты аумағы нақтыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Instagram желісінде өрт болған жерден видеолар пайда болды. Солардың бірі 8 қазанда кешке түсірілген, куәгерлер Павлодардағы Новоямышево ауылы маңында болған өртті түсірген, олар аймақты шарпыған түтін мен бұлттарды ақырзаманмен салыстырған. Жергілікті тұрғындар түтіннің иісіне шағымданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Май ауданында дала өрті орылған шөпті шарпыған, жергілікті тұрғындар орман да өртеніп жатқанын хабарлады.
Алайда облыстың ТЖД өкілдері орман өрті дерегін растамады. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу ауылдық аймағына қарасты Омаров округінде өрт шыққаны туралы хабарлама 8 қазанда сағат 12.50-де түскен, сағат 15.00-де Май ауданында Баскөл ауылының маңында дала өрті болған. Қазір өртті сөндіруге жүзге жуық адам жұмылдырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Үш бөлек ошақта құрғақ шөп, қамыс өртеніп жатыр. Өрт екі ошақта ауыздықталды. Май ауданы, Баскөл ауылының маңында да жаңа шабылған шөп жанып жатыр. Мемлекеттік орман қоры және елді мекендер қауіп төніп тұрған жоқ", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Өрттің жалпы аумағы әлі белгісіз. Өртті сөндіруді қатты жел қиындатып жатқаны хабарланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш