- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Із-түзсіз жоғалды
Павлодар облысында екі ер адам бір аптадан бері табылмай жатыр
Павлодар облысында екі ер адам бір аптадан бері табылмай жатыр. Олар із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
VITA жасағының еріктілері 1 қаңтарда жоғалып кеткен екі ер адамға іздеу жариялады. Сол күннен бастап олардың қайда екені туралы ештеңе белгісіз.
61 жастағы Валерий Аслановты соңғы рет Павлодарда Байжанов көшесі, 11 мекенжайында көрген. Ол белгісіз бағытқа кетіп қалған. Айрықша белгілері: денелі, көздері қоңыр және шашы сұр. Оның не кигені белгісіз.
Ринат Манғазинов 35 жаста. Ол 1 қаңтар күні Жетекші ауылындағы Молдағұлова көшесі, 32-ші үйден шығып кеткен, қайда кеткені белгісіз. Еріктілер ер адамның шашы қара, көздері қоңыр, мұрнының оң жағында меңі және сол қолының шынтағында тыртық болғанын атап өтті. Ринат қара қалпақ, етік, күрте, қою көк түсті трико, жасыл кофта және хаки түсті футболка киген.
Еріктілер із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамдар туралы мәлімет болса, 102 немесе +7 747 615 5563, +7 777 334 8201 телефондарына хабарласуды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан