Павлодар облысында екі балықшы суға батып кетті. Олардың біреуінің мәйітін жергілікті тұрғындар судан алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел құтқару жасағының мәліметінше, екінші балықшының денесін іздестірілп жатыр.
"8 қараша күні Тереңкөл ауданы Қызылтан ауылының маңында Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылды", - делінген хабарламада.
Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өкілдері және жергілікті тұрғындар көмектесін жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз