- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында екі...
Павлодар облысында екі ай бұрын жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр
Павлодар облысында екі ай бұрын жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр. Еріктілердің болжамынша, ол бір жерде жұмыс істеуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita іздеу жүйесінің мәліметінше, Шарбақты тас жолында жоғалған Жанат Инцыбаевты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр.
"Іздеуге шықпаған жерлерді аралап жүрміз. Біз сегіз ай бойы хабар-ошарсыз жоғалған жігітті тапқан кезде Жанаттың да осылай табылуы мүмкін деген үміт пайда болды. Ол бір жерде жұмыс істеп, туыстарына бұл ақпаратты жеткізе алмауы да мүмкін", – деп жазды еріктілер.
Еске салайық, Жанат Инцыбаев 12 шілдеде жоғалып кетті. Оның артынан жүгірген анасы ұлын тоқтатып үлгермеген және ешкімнен көмек сұрай алмаған. Себебі өтіп бара жатқан адамдар жігітті мас деп ойлаған. Бұған дейін анасы ұлы туралы қандай да бір ақпарат болса немесе жолда көріп, алып кеткен адамдар болса, хабарласуды өтінген.
Жанат көк түсті жейде мен қара шалбар киіп шыққан. Хабарсыз кеткен жігіт өзін біртүрлі ұстауы мүмкін, алайда алкоголь тұтынбайды, шылым шекпейді.
Еріктілер Жанат Инцыбаев туралы қандай да бір мәлімет болса, 8 747 615 55 63 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан