- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- есірткі туралы
Павлодар облысында дәмдеуіш деп есірткі сатқандардың былығы ашылды
Павлодар облысында аса ірі көлемде есірткі сақтау және тарату деректері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Железин ауданының прокуратурасы полициямен бірлесіп, ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 келі марихуана тапқан.
Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Тағы бір жағдайда қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәр сатамыз деп, оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткіні таратумен айналысқан.
"Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашып, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған. Есірткі заттарын тарату дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова