- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында дала...
Павлодар облысында дала өрті Баянауыл ұлттық саябағын шарпыды
Павлодар облысында дала өрті Баянауыл ұлттық саябағы аумағын шарпыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 шілдеде Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп өртенген. Жергілікті атқарушы органдар ақпараты бойынша өрттің болжамды ауданы 800 гектар болған.
"Өрт "БГНПП" РММ аумағына өтті (Долба орманшылығы, 115, 117, 118 кварталдар) және сол жерде 20 гектар аумақты қамтыды. ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарын ескере отырып, жануды оқшаулауға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.
Жалпы алғанда, жануға қарсы күреске облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы жұмылдырылғаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан