Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде әкімшілік полиция екі мың шақырымға жуық жолды тексерді. Нәтижесінде 51 ақау анықталды, анықталған кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.
"Жолдарда жұмыс істеу, жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, әрқайсына айыппұл салынды", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.
Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар жол апаттарының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жол жөндеуге бөлінген 272 млн теңге қолды болғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!