• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Павлодар облысында бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартты

Павлодар облысында бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: polisia.kz

Екібастұз ауданының ауылдарында кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның құрамына Төртүй, Тай, Көксиыр, Қаражар, Мыңтомар, Ақши ауылдары және Ақкөл ауылдық округі кіреді.

"Болашақ дені сау ұрпаққа тиесілі. Алкогольден бас тарту - қауіпсіздіктің кепілі ғана емес, мәдениетті, ұлттық дәстүрлерді және рухани мұраны сақтау. Бұл жақсы дәстүрді сақтау - ортақ жауапкершілік", - деді ауыл тұрғындары.

Айта кетейік, 2024 жылғы мамырда Екібастұз бойынша алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы алғашқы меморандумға Қарасор, Құдайкөл, Құлақөл ауылдарын қамтитын Теміржол ауылдық округінде қол қойылды. Бұл ауылдарда алкогольді сатуға байланысты құқықбұзушылық тіркелмеген.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget