- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында бір...
Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі ер адамды іздестіріп жатыр
Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі ер адам іздестіріліп жатыр. Олар бір уақытта, бір күнде, бірақ әртүрлі жерлерде және әртүрлі жағдайда жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, Виктор Колчин 41 жаста. 8 тамыздан бастап туыстарымен байланысты тоқтатқан. Ол жоғалғанға дейін Кенжекөл ауылында тұрған.
"Туыстары оның араласатын ортасын білмейді, тіпті қай жерде болуы мүмкін екенін болжай алмайды", - дейді еріктілер.
Төлеген Марденов 71 жаста. Зейнеткер 9 тамызда Екібастұздағы Кеншілер көшесі, 15 мекенжайында орналасқан үйден шығып кеткен. Жоғалып кетердің алдында туыстары күдікті ештеңе байқамаған.
Еріктілер хабар-ошарсыз кеткен екі азаматқа қатысты қандай да бір маңызды ақпарат болса, дереу +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан