- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында боранда...
Павлодар облысында боранда мал іздеуге шыққан әйел әлі табылмай жатыр
Павлодар облысында боран кезінде айдалада жоғалып кеткен әйел әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, іздеу жұмыстары 5 мың шаршы метр аралығында жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің, облыс полициясының, Екібастұз әкімдігінің, жедел құтқару жасағының қызметкерлері, "VITA"еріктілері шықты. 34 жастағы әйелді құтқарушылармен бірге күйеуі де іздеп жүр.
Жергілікті тұрғындар әйел адамды жаяу да, атпен де іздеп жүр. Әкімдік іздеу тобын тамақпен қамтамасыз етіп отыр.
"Таңертең тікұшақпен 30 шақырым жерді қарап шықтық", - дейді облыстық ТЖД өкілдері.
Ал ауыл тұрғындарының сөзінше, жоғалып кеткен әйел адам жылы шырайлы, сабырлы болатын. Ол күйеуімен 10 және 3 жастағы екі қыз тәрбиелеп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Басылым мәліметінше, боран басталар алдында жоғалып кеткен әйелді екі адам көрген. Екеуі әйел адамға жеткізіп тастауды ұсынған, алайда ол бас тартқан екен. Ол жақын жерде күйеуі күтіп тұрғанын айтқан.
Еске салайық, бұған дейін 17 сәуірде полициядағылар Павлодар облысында мал іздеуге шыққан 34 жастағы әйел табылмай жатқанын хабарлаған болатын. Ол 16 сәуірде сағат 18:00 шамасында Бесқауға ауылының тұрғындары өздерінің ВАЗ-2104 автомашинасымен дала алқабына ірі қара мал іздеуге шыққан.
Бесқауға ауылынан Жаңажол ауылына қарай 25 шақырым жерде көлікті тастап, ер адам мен әйелі екі жаққа бөлініп, көліктің жанында кездесуге келіскен. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күтеді. Келмеген соң, ер адам полицияға жүгінді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина