Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлаған

Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлаған
Фото: Видео кадры

Павлодар облысында  6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Бүлдіршін аман қалғанымен,  миы шайқалып,  облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға түскі уақытта Жертұмсық ауылында болған. Балалар футбол ойнаған алаң мен қақпа ешбір ресми баланста тіркелмеген. Ауыл тұрғындары доп тебетін жерді өздері жабдықтап алған.

Полиция департаменті аудан әкіміне балалардың ойын қауіпсіздігіне сай келетін футбол алаңын ұйымдастыру бойынша нұсқама жолдаған. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамағаны үшін баланың ата-анасы да әкімшілік жауапқа тартылды. Ал  бүлдіршіннің қазіргі жағдайы орташа дейді дәрігерлер.

"Баланың бізге түскендегі жағдайы орташа дәрежеде ауыр. Басынан жарақат алған, миы шайқалған, бетінде жарақат, төменгі жағы соғылған диагнозбен түсті.  Диагностика жүргізіліп жатыр. Баланың жалпы жағдайы орташа дәрежеде ауыр, барлық емді толық алып жатыр", - деді Павлодар облысы ауруханасының нейрохирургі Талғат Қасымбеков.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget