- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында әйел...
Павлодар облысында әйел адам өз үйінде тірідей жанып кетті
Павлодар облысында екі бөлмелі жер үй отқа оранып, әйел адам өз үйінде тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамырда сағат 19:13-те "101" пультіне Павлодар ауданының Набережное ауылында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Екі бөлмелі қамыстан қаланған жеке үйдің ішінде үй заттары, жиһаз жанған. Сондай-ақ, шатыр жартылай қираған. Өрттің көлемі 50 шаршы метрді құрады. Үйдің ішінен 1974 жылы туған үй иесінің күйіп кеткен денесі табылды", - деп хабарлады департамент.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылған. Олар екінші газ баллонды шығарып үлгерді және оның жарылуына жол бермеді. Өрт сағат 21:55-те сөндірілді. Барлығы 4 техника мен жеке құрамның 10 қызметкері жұмылдырылды.
Сондай-ақ Чернорецк ауылынан өрт сөндіру бекеті тартылды. Өрттің себебі мен залалы анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан