Адамдар отырған автобус шахтаға құлап кеткен "Майқайыңалтын" аумағындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия нәтижесін шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комиссия кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін анықтаған.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болған бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, оларды мәжбүрлеп құлату жүргізілмегені, кейіннен жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос орындары толтырылмағаны анықталды.
Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!