Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелін өзі босандырып алған

Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелін өзі босандырып алған
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйелін өзі босандырып алды. Оған 103 диспетчері кеңес беріп тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық топ шақыруға бара жатқанда диспетчер қоңырауды "ұстап тұру" әдісі бойынша нұсқаулар берген.

"Жедел жәрдемге 31 мамыр күні шамамен таңғы сағат төртте Майқайың ауылынан шұғыл қоңырау түскен. Ер адам 24 жастағы жүкті әйелінің толғағы жиілегенін айтқан", - делінген хабарламада.

Диспетчер шақыртуға медициналық топты жіберіп, қоңырау шалушыға босану кезінде қалай көмектесу керектігін айтқан. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан