- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында ауыл...
Павлодар облысында ауыл тұрғыны 12 жастағы қызға "тиісті" деген күдікпен ұсталды
Павлодар облысы Павлодар ауылының тұрғыны 12 жастағы қызға "тиісті" деген күдікпен ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина айтты.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша құқық бұзушылық жуырда, 31 қазан күні солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөлімінде тіркелді.
"30 қазан күні сағат 12:00 шамасында Павлодар ауылының 32 жастағы тұрғыны ақпараттық жүйені пайдалану арқылы 12 жастағы қызға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды", - деді Бибігүл Қамзина.
Күдікті ұсталды. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдағыш-дистрибьюторға орналастырылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан