Павлодар облысында алты күн бойы амнезиямен ауыратын қарт әйел іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Костынюк Надежда 1949 жылы туған. Ол 4 қарашада үйден шыққан және оның қай жерде екені әлі белгісіз. Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған.
"4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, "Vita" еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылып жатыр", - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды.
Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош.
"Жоғалған Костынюк Надежда Ивановнаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамның барлығын полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!