Павлодар облысында алимент төлемеген ер адам айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтоғай аудандық соты М.-ға қатысты 2019 жылы туған кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағу үшін азаматша В.-ның пайдасына алимент өндіріп алу туралы сот актісін орындамағаны туралы іс қаралды.
Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, ресми түрде ешқайда жұмыс істемейтінін түсіндірді. Маусым айында 100 000 теңге төлегенін, мүмкіндігі бойынша алимент төлеуді тоқтатпайтынын айтты.
Борышкердің атына 2024 жылдың 4 қаңтарына дейін алиментке берешегі 968 877 теңге сомасында қарызы жиналған.
Борышкерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы ескерту жасалған.
Сот актісі орындалмағандықтан, өндіріп алушының құқықтары бұзылды.
Сот қаулысымен азамат М. ӘҚБтК 669-б. 1-б. көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 18 460 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!