Павлодар облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелге іздеу жарияланды
Фото:
instagram.com/dp_pavlodar
Павлодар облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер әлеуметтік желіде іздеуде жүрген әйелдің суретін жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл әйел жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, басқа жәбірленушілер де анықталып жатыр.
"Оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен немесе бұл дерек бойынша қандай да бір ақпаратқа ие кез келген адам полицияға 8-707-916-17-17 немесе 102 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласа алады", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек