- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында әкімдіктің...
Павлодар облысында әкімдіктің электр есептегішін бұзған тұрғын қамауға алынды
Павлодар облысында әкімдіктің электр есептегішін бұзған тұрғын қамауға алынды, ер адам бұл әрекетке мас күйінде барғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс ауылының әкімі полиция қызметкерлеріне белгісіз адам әкімдіктің балансындағы электр есептегішін бұзғаны жайлы шағымданған. Оқиға ауылдағы Рамазанов көшесінде орын алған. Тергеп, тексеру барысында есептегішті бұзған 45 жастағы ауыл азаматы екені анықталды.
"Ол сол күні үйінде электр қуаты қысқа уақытқа сөнгенін айтқан. Мас күйінде неліктен электр қуаты сөніп қалғанын анықтау үшін үйінің жанында орналасқан есептегішті бұзған", - деп хабарлады департамент.
Полиция қызметкері осы адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотта қаралды.
Оған қатысты аудандық соттың қаулысымен бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан