- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жер телімі туралы
Павлодар облысында әкімдік шешімі жойылып, жер студенттерге қайтарылды
Павлодар прокурорлары аграрлық-техникалық колледж студенттеріне жер телімін қайтарып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2014 жылы Шарбақты ауданы әкімдігінің қаулысымен аграрлы-техникалық колледжге жақын орналасқан, ауданы 418 гектар болатын жер телімі тұрақты пайдалануға берілген.
Студенттердің кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында осы жер телімінде жұмыс тәжірибесі өткізіледі. Бірақ 10 жыл өткеннен кейін аудан әкімдігі ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге жер телімін беру үшін бұрын қабылданған қаулыны жою туралы шешім қабылдаған. Осы көрсетілген жел телімінің орнына студенттерге үнемі жүріп-тұруға қолайсыз, білім беру мекемесінен 10 шақырым қашықта басқа жер телімін беру жоспарланған.
"Заң негіздемелеріне сәйкес заңға қайшы шешім жойылды, колледжге тиесілі жер телімі қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова