Павлодар облысында әкіммен кездесуден кейін фельдшер дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Кешкі уақытта іс-шара кезінде жанжал шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Павлодар облысы Қоянды ауылдық округінің әкімі мен ветеринария фельдшері арасындағы оқиға туралы ақпарат тарады. Жазбада зардап шеккен адамның миы шайқалып, жарақат алғаны, ал полицейлер қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаны айтылады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде ауылдық округ әкімі мен фельдшер арасындағы жанжал туралы ақпарат тарады. Оқиға кешкі уақытта, қызметтік міндеттерінен тыс, олар бірге іс-шараға қатысқан кезде болған. Себебі тұрмыстық сипатта болған және олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Тараптар татуласқан, бір-біріне шағымы жоқ", - деп түсіндірді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен фельдшерге медициналық көмек көрсетілгенін растады. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!