Павлодар облысында кәмелетке толмаған балаларды қорлау дерегі әшкере болды. 16 және 15 жастағы ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратты Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова растады.
"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккендерге жан-жақты көмек толық көлемде көрсетіледі", - деді Шәкенова.
Өңірлік білім басқармасы дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.
"Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылық дерегін соталды тергеу барысында құқық қорғау органдары мектепте оқитын үлкен ағасына қатысты зорлық-зомбылық дерегін анықтады. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді өңірдің білім басқармасы.
Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!