Павлодар облысында адам сүйектерінің қалдықтары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот-медициналық сараптамасы бойынша ол ер адам болған. Сүйек қалдықтары 2022 жылдың тамыз айында табылған. Павлодар облысы Аққулы ауданының полицейлері Шарбақты ауылынан Жабағылыға қарай 15 шақырым жердегі шабындықтан адам сүйектерінің қалдықтарын тапқан.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сүйек қалдықтары шамамен 40-50 жастағы ер адамға тиесілі. Бұл адам еуропалық нәсілден болуы мүмкін. Бойы 165-170 сантиметр.
Оқиға орнынан NIKE брендімен трико, сұр түсті джинсы күрте, қою қызыл түсті жемпір және ақ жемпір, сондай-ақ көк түсті резеңке аяқ киім табылды.
Полицейлер бұл жағдайға қатысты кез келген ақпарат болса, 102 немесе +7 (777) 421 4157 телефондарына хабарласуды сұрайды. Анонимділік сақталады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!