Сот-медициналық сараптамасы бойынша ол ер адам болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылғы тамызда Павлодар облысы Аққулы ауданының полицейлері Шарбақты ауылынан Жабағылыға қарай 15 шақырым жердегі шабындықтан адам сүйектерінің қалдықтарын тапқан.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес сүйек қалдықтары шамамен 40-50 жастағы ер адамға тиесілі. Бұл адам еуропалық нәсілден болуы мүмкін. Бойы - шамамен 165-170 сантиметр.
Оқиға орнынан NIKE брендімен трико, сұр түсті джинсы күрте, қою қызыл түсті және ақ жемпір, сондай-ақ көк түсті резеңке аяқ киім табылды.
Полицейлер бұл жағдайға қатысты кез келген ақпарат болса 102 немесе +7 (777) 421 4157 телефондарына хабарласуды сұрайды. Анонимділік сақталады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!