Павлодар облысында адам қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Атамекен кенті жанында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен. Медициналық бригада келген бойда дәрігерлер 50-60 жастағы ер адамның қайтыс болғанын тіркеді.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасынан жасырынып, қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз