- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында 44...
Павлодар облысында 44 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті
Павлодар облысындағы Май ауданы Малайсары ауылында 7 сәуірде 44 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Полицияға жоғалған әйелдің қызы көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
44 жастағы тұрғын Солтан Жанар Әмірғалиқызы 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған. Қызының айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жедел уәкілдер дереу барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне және жақын маңдағы облыстарға жіберілетін бағдарды әзірледі. Жақын маңдағы ауылдарды, шалғындарды, жайылымдарды және шалғынды жерлерді, Ертіс өзенінің жағасы қарастырылды. Әйелдің туыстары, көршілері, таныстары, вокзалдар, тас жолы бойы да тексеріліп, пысықталуда. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іс- шаралар жалғасуда", - делінген хабарламада.
Жоғалған әйелдің белгілері: бойы шамамен 165-170 см, дене бітімі - арық, шашы - селдіреген, сөйлеу кемістігіне байланысты ІІ-ші топтағы мүгедектігі бар. Үстінде қара түсті куртка, тізеге дейін түсетін қызыл түсті юбка, көк түсті қалпақ, көк түсті калошы бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы