Павлодар облысында 18 жастағы жігіт жоғалып кетті

Василий Кульчевский 29 қыркүйекте Мичурин ауылында жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Vita еріктілерінің мәліметінше, ол жуырда ғана ауыстырылған арнайы мекемеде тұрады, бірақ бұған дейін де бірнеше рет қашып кеткен. 

"Василий бағдарынан жаңылған әрі сенгіш. Кез келген жерде – Мичурин, Черноярка ауылдарында, Павлодарда болуы мүмкін. Бәлкім, онымен бірге автобуста келген шығарсыздар. Жасы 18-де. Мүмкіндігі шектеулі, сөйлеу және есту қабілеті бұзылған", – дейді еріктілер.  

Іздеушілер ұйымында Василий Кульчевскийді көрген адамдар болса, келесі нөмірлер бойынша дереу хабарлауды сұрайды: 7 (747) 615 55 63 (Катерина),  +7 (777) 334 82 01 (Светлана) немесе 102.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!