Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды. Бұған қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Massaget.kz тілшісіне толығырақ мәлімет берді.
Зәкиеваның мәліметінше, қызды зорлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Бұл оқиға сәуір айында тіркелген. Қазір сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта.
Күдікті ретінде жәбірленушінің туысы анықталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының негізінде өзге мәліметтер жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде 12 жастағы қыз босанғанын хабарлаған едік.
Оқушы тамызда 13 жасқа толады.
"Мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазуына байланысты қызметінен босатылды. Білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді", - деп жазылған Павлодар облысы білім беру басқармасының жауабында.
Оқушы Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Өмірге қыз бала әкелген. Ал оқушының жүктілігін бірінші мұғалімдер байқаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!