Павлодар облысы мен Алматыда жаңа прокурорлар тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.
Бұған дейін 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған.
Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған, білімі жоғары, "Тұран" университетінің түлегі.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды.
Серік Кәріпбеков. Фото: Бас прокуратурадан
Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркия Республикасының Стамбул университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Ол бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.
2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!