Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың басы дауға қалды. Әлеуметтік желіде орынбасардың әйелді зорлағаны туралы ақпарат тарады. Облыс әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімдігі бұл іске қатысты пікір білдірді.
"Әкімнің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты биыл 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті Серік Батырғожиновтың арызы бойынша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Зардап шеккен тарап - Серік Батырғожинов.
Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен деректер тексерілді, деректер расталған жоқ. Бүгінде іс сотқа жіберілді. Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты процеске қатысушылардан алуға болады, өйткені бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды", - делінген жауапта.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатынан зардап шеккені хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!