Павлодар облысы әкімі өнеркәсіпті басып алған қылмыстық топ ісіне қатысты сұраққа жауап берді

Павлодар облысы әкімі өнеркәсіпті басып алған қылмыстық топ ісіне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: Midjourney

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов "Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясында облыстағы рейдерлік мәселеге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл мәселеге қатысты прокуратураға сауал жолдау керек. Бұл мәселеден хабардармын. Құпия тергеудің мән-жайын айта алмаймын. Бұл - қарапайым өндірістік база, мұндай база өңірде 300-400-ге жуық. Оның ешқандай инфрақұрылымдық құны жоқ. Ол Қамзин көшесінде орналасқан", - деді ол. 

Бұған дейін не белгілі еді?

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталғанын хабарлаған болатын. 

4 қарашада облыстық прокуратураның келісімімен Павлодардағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен қылмыс авторитетін ұстады. Келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асады.

Кейін Павлодар облысының прокуратурасы өңірдегі кәсіпорындардың бірінде қылмыстық топтың рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен айналысқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек