- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лагерь туралы
Павлодар маңындағы лагерьден балалар шұғыл түрде үйлеріне жеткізілді
Павлодар облысында бүгін сағат 5:30-да "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығындағы жылу трассасында апат болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мектеп оқушыларының демалысын шұғыл түрде үзуге тура келген.
"Жылу магистраліндегі апат жылу жүйесіндегі қысым төмендеуіне әкелді. Бұл оқиға төтенше жағдайлар департаментінде тіркелді. Қазір лагерьде болған 86 баланың барлығы Павлодарға жеткізілді. Пайдаланылмаған демалыс күндері үшін қаражат ата-аналардың шотына қайтарылады", - деп жазды қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Оның айтуынша, мамандар аумақты тексеріп, ақауды жойып жатыр.
Айта кетейік, желтоқсанда лагерьде жаңа маусым басталып, ата-аналар 86 баланы қала сыртына шығарып салған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова