- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Колониядағы оқиға
Павлодар колониясында сотталушы піскен еттің ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Фото:
polisia.kz
Павлодар колониясында жазасын өтеп жатқан азамат піскен еттің ішіне телефон жасырып өткізбек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№44 қауіпсіздігі минималды мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың ұялы телефонды тамақ өнімдеріне телефон жасырып өткізбек болған.
Жазасын өтеп жатқан азамат бұрын мекемеден ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 143-бабы негізінде қалаға шығып келген, мекемеге оралған соң стандартты тексеруден өтті.
Тексеру барысында піскен еттің ішінде жасырылған ұялы телефон табылып, мекеме қызметкерлері оны тәркіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан