Павлодар колониясында сотталушы бейнебақылау камераларын сындырған

Павлодар колониясында сотталушы бейнебақылау камераларын сындырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар колониясында сотталған екі бейнебақылау камерасын сындырды. Осы құқықбұзушылыққа байланысты оның қамау мерзімі ұзартылды.

Бұл жағдай сотталған адам жазасын өтеп жатқан №45 мекемеде болды.

"Белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында ол екі камераға қасақана зақым келтірді", - деді қадағалау органы.

Ер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бейнебақылау жүйесіне қасақана зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар колониясында сотталушы піскен еттің ішіне телефон жасырып өткізбек болғаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз