- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар халқы сусыз...
Павлодар халқы сусыз қалған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі
Павлодар халқы сусыз қалған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
21 маусымда таңғы сағат 8:45-те оңтүстік су жинау станциясында 1-көтергіш сорғы жабдығы ажыратылып, жарты қала сусыз қалды. Оған электр желісіндегі техникалық ақаулар себеп болды. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.
"Жұмыстар тәулік бойы жүргізілді. Бүгінде су беру қалпына келтірілді. Егер суы жоқ мекенжайлар бар болса, оларды жеке қарастырып, шешеміз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын", - деп жазды қала әкімі.
Оның айтуынша, бұл дерек бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменті тергеу жүргізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова