Павлодар әуежайы екі жүк көлігін 64 млн теңгеге сатып алмақ болған

Павлодар әуежайы екі жүк көлігін 64 млн теңгеге сатып алмақ болған
Фото: pavon.kz

Павлодар қаласының әуежайы арнайы техниканы жоғарғы бағамен сатып алуды жоспарлағаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антикор еріктілерінің араласуынан кейін сатып алу тоқтатылып, шамамен 142 млн теңгеге бюджеттің тиімсіз пайдаланылуының алдын алды.

"Ұйым жалпы сомасы 64 478 000 теңгеге (бірлігіне 32 239 200 теңге) 2 жүк көлігін сатып алуды жоспарлаған. Сондай-ақ, 46 455 000 теңгеге Ассенизаторды және 31 млн теңгеге Самосвалды сатып алмақ болған. Аталған арнайы техникалардың нарықтағы техника бағалары әлде қайда төмен. Мысалы Ассенизатордың бағасы – 21 млн теңге болса, ал Самосвалдың орташа бағасы – 25 млн теңге құрайды", - делінген хабарламада.

Еріктілер мемлекеттік органдардың басшыларын мемлекеттік сатып алу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауға және бағаны көтеру фактілеріне жол бермеуге шақырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы