- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар әкімінің орынбасары...
Павлодар әкімінің орынбасары тағайындалды
Әнуарбек Аманов Павлодар әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Павлодар әкімінің өкімімен қала басшысының орынбасары болып Аманов Әнуарбек Дүйсембайұлы тағайындалды", - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
Әнуарбек Дүйсембайұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2008 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Автомобиль және трактор жасау", 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып бастады.
2009-2023 жылдар арасында Павлодар тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қатардағы маманнан бастап, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы лауазымына дейін қызмет атқарды.
2023 жылғы ақпан айынан бастап осы күнге дейін Екібастұз әкімінің орынбасары болып қызмет етті.
Мемлекеттік қызмет өтілі 12 жылдан асады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан