Фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков және Максим Емельянов қатысты.
Нәтижесінде негізгі жарысқа тек Павел Колмаков өтті. Ол іріктеу кезеңін 15-орында аяқтап, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Бондарев 36-орын, Бугаков 38-орын, Емельянов 42-орын иеленді.
Іріктеу кезеңінде бірінші орынды канадалық спортшы Микаэль Кингсбери жеңіп алды.
20 желтоқсан күні ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей жарыста медальдар сарапқа салынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!