Павел Дуровтың 100 баласы болуы мүмкін бе? Сперма доноры бойынша маман жауап берді

Павел Дуровтың 100 баласы болуы мүмкін бе? Сперма доноры бойынша маман жауап берді
Фото: Telegram/Павел Дуров

Сперма доноры бойынша қазақстандық маман, уролог-андролог Роман Безруков "Tengrinews.kz"-ке Павел Дуровтың "100-ден аса баланың биологиялық әкесі болдым" деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресей заңнамасына сәйкес, бір ер адам максимум 30 балаға сперма доноры бола алады.

"Бұл дұрыс емес, олай болмауы керек. Ресейде бір сперма донорынан 30 бала ғана дүниеге келе алады. Мен оны бүгін сұрап білдім", - дейді уролог-андролог Роман Безруков.

Маман Павел Дуров өзінің еркектік қабілеттерін асыра бағалап жіберген болуы мүмкін екенін айтты.

"Жалпы бұл ақпаратты сізге ешкім ешқашан бермейді. Одан қанша бала және кім дүниеге келгенін айтпайды. Егер одан 30 бала дүниеге келсе, Ресейде оны тоқтатар еді. Егер ол заң бойынша орындалған болса. Яғни, бұл заң бойынша болмаған ба? Дәрігерлер мұндай ақпарат бермейді. Ол анонимді түрде тапсырған шығар", - дейді Безруков.

Маман дүниеге 100 бала келуі үшін қанша сперма тапсыру керегін айтты.

"Аптасына 1 реттен 5 жыл бойы тапсырыңыз. 1 порцияны екіге бөліп, 6 программа жасауға болады. Тіпті, мың бала деп те айтсын, мен оған аса сенбеймін", - дейді Роман Безруков.

Қазақстан заңнамасына сай бір сперма донорынан максимум 10 бала дүниеге келе алады. АҚШ-та - 12 бала. Еуропада - тұратын халық санына қарай қарай 5-тен 25-ке дейін. 

Оқи отырыңыз: Сперма доноры болу құны қанша? Қандай талаптар бар? 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова