- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павел Дуровты сотқа...
Павел Дуровты сотқа жеткізді
"ВКонтакте" мен Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров сотқа жеткізілді. Бұл туралы РИА Новости агенттігі франциялық БАҚ-қа сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін агенттік тілшісі жарқыраған шамдары бар екі көліктің алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюродан бар жылдамдықпен шығып кеткенін, онда қауесет бойынша Павел Дуров бар екенін хабарлады.
Еске салайық, 24 тамызда Париж әуежайында француз барлау қызметі "ВКонтакте" желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты ұстаған еді.
Кейінірек Ресей дипломаттары Дуров өкілдерінің Ресей елшілігіне жүгінбегеніне қарамастан, іс бойынша жұмысты бастап кетті.
Мемлекеттік думаның вице-спикері Владислав Даванков Ресей СІМ басшысына Дуровты босату туралы өтініш білдірді.
Ал Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бұған қатысты пікір білдіріп, Павел Дуров пен Telegram командасын қолдады.
Кейінірек Франция президенті Эмманюэль Макрон Telegram басшысы Франция аумағында сот тергеуі аясында қамауға алынғанын, бұл саяси шешім емес екенін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан